Елордада пәтерден 6 құндыз тон ұрлағандар ұсталды
Елордада пәтерден 6 құндыз тон ұрлағандар ұсталды
Елорда тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз біреулер пәтерінен 6 құндыз тон мен Samsung және Hisense теледидарын ұрлап кеткеніне шағымданған. Келтірген материалдық шығын 7 млн теңге.
Полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізді. Камералар қаралып, куәгерлерден жауап алынды. Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлық жасаған тұлғалар анықталды. Олар 25 және 30 жастағы елорданың екі тұрғыны болып шықты. Оның бірі Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Есіл аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Әбшекенов.
Заттай айғақтар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Сондай-ақ ұсталғандардың бұрын да осыған ұқсас қылмыстар бойынша бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып және сотталғаны анықталды. Полицейлер аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.