00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсететін орталық ашылды

1 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсететін орталық ашылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін Астанада мүгедек балаларға  әлеуметтік қызметтер көрсететін «Ақ ниет» үйінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жартылай стационар жағдайында жұмыс істейтін орталыққа тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, психоневротикалық аурулары бар балаларға қызмет көрсетеді. Орталық бір жарым жастан бастап он сегіз жасқа дейінгі жеткіншектерді қабылдайды.

01-09-7.jpg

Бұл жобаны іске асыруда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бастамашылар тобы жұмыс істеді. Ал жобаны орындаушы – «Ортопрот» ЖШС.

01-09-9.jpg

Елімізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сыйымдылығы шағын үйлер құру жөніндегі пилоттық жоба басталды. Солардың бірі – «Ақ ниет» үйі. Бұл орталық 30 балаға шақталған. Ал оларға 12-ден аса маман қызмет көрсетеді, - деді «Ортопрот» фирмасының басшысы Айгүл Хамиева.

01-09-11.jpg

Сондай-ақ басшы қоғамда  осы дертпен ауыратын адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесу қажеттігіне назар аудару қажеттігін айтты. 

01-09-10.jpg

Сыйымдылығы шағын үйде балаларға барлық жағдай жасалған.  Мұнда олар өздерін үйдегідей сезініп жүр. Бастысы қажетті көмектің барлығы қарастырылған. Мекеменің жоғары білікті мамандарына алғыс айтамын, - деп өз әсерімен бөлісті ата-ана.