00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада Ұлттық домбыра күніне орай концерт өтті

Елордада Ұлттық домбыра күніне орай концерт өтті
Фото: Ұйымдастырушылардан

Астанада  «Домбыра күні-ұлттың үні» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Мерекелік іс-шара Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен Арбат алаңында өтті. Оған  жас домбырашылар «Адай», «Көңіл толқыны», «Қос алқа» күйлерін тартып, мың бұралған бишілер «Аққу» , «Шашу» билерін билеп, күміс көмей жас әншілер елорда тұрғындары мен қонақтарына  мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ұлттық домбыра күні - Рухани жаңғырудың әдемі көрінісі. Баршаңызды Ұлттық Домбыра күнімен құттықтаймын. Концерт –  елордамыздың үздік жас домбырашыларының өнерін тамашалауға және қазақтың музыкалық мұрасының атмосферасын сезінуге таптырмас мүмкіндік. Жас өнерпаздар қаланың осы бөлігінде домбырамен шерулетіп күй тартып ән шырқап өтті. Бұл арқылы біз қасиетті домбыраның үнін әрбір тұрғынға естіртіп, нағыз қазақ домбыраны насихаттау жұмыстарын жүргіздік.-деді Қазақстан жастарының Конгресі атқарушы директоры Бақдаулет Жанділдаев.

Мерекелік концертте қасиетті домбыраға қатысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген көремендерге сыйлықтар табыс етілді.