00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді

Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді
Фото. Астана қаласы әкімдігі сайтынан

7 шілдеде Астанада секіру бойынша ашық қалалық турнир ұйымдастырылады, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыс елорда күніне орайластырылған,

Ең мықты жылқылар мен шабандоздар әртүрлі биіктіктегі 7 маршрутта өз шеберліктерін көрсетеді. Жарыс сағат 10:00-де «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде басталады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 12 миллион теңге. Жарыстарда ең үздік шабандоздар анықталады. Көрермендер үшін кіру тегін, - деп жазылған хабарламада.

Іс-шара елорда әкімдігінің қолдауымен өтеді. Оны Астананың ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясы ұйымдастырады.