Елордада цех өртенді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада цех өртенді
Фото: Қалалық ТЖД баспасөз қызметінен

Елордада цех өртенді

Бүгін елордада цехтен өрт шықты, деп хабарлады Elorda.info қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

15 ақпанда сағат 14-07-де елордалық өрт сөндірушілер Алаш тас жолының бойынша орналасқан цехқа барды. Мұнда токарлық жабдықтар, төбе жабындары өртенген. Өрттің жалпы аумағы 40 шаршы метрді құраған. Ол сағат 15:05-те оқшауланып, сағат 16:23-те сөндірілді, - деп жазылған хабарламада.

ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өртті сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамның 22 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.