00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Бірлік керуен» ауқымды іс-шарасы өтті

7 қыркүйек, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Елордада «Бірлік керуен» ауқымды іс-шарасы өтті
Фото: Ерлан Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасынан

Бұл туралы Астана қаласының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бірлік Керуені» — бұл V Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарының Астанадағы ең жарқын мәдени шараларының бірі. Бүгін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен бірге керуен қатысушыларының елордаға келуіне куәгер болдық. 20 өңірден келген спортшылар мен қоғам қайраткерлері бастаған 1000-нан астам қатысушы Ойындардың басталуына 10 күн қалғанда өз қалаларынан сапарға шыққан еді. Олардың қатарында шығармашылық ұжымдар да болды. Керуен қатысушылары Астанаға қасиетті бұлақтардың суын алып келді», - деді Ерлан Каналимов.

Сондай-ақ төраға бұл ел бірлігінің символы болатынын айтты.

«Елдің түкпір-түкпірінен жиналған бұл су Ойындардың ашылу күні ел бірлігінің басты символы болмақ. Бүгінгі таңда ЭКСПО аумағында керуеннің аяқталуымен танымал шығармашылық ұжымдардың – «Royal Beats» барабаншылар ансамблі, «Жошы» тобы, Астана әкімдігінің үрмелі оркестрі және Қазақстанның басқа да белгілі әртістерінің қатысуымен концерт басталды», - деді төраға.