00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еліміздің қалаларының бірінде әуе көлігі жүйесі енгізілуі мүмкін

Еліміздің қалаларының бірінде әуе көлігі жүйесі енгізілуі мүмкін
Фото: ҚР Көлік министрлігінің ресми сайты

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында қалалық әуе ұтқырлығы тұжырымдамасын енгізу бойынша тәжірибе алмасу көзделіп отыр. Тұжырымдама алдымен жаңа Alatau City қаласында сынақтан өтеді деп жоспарланған, деп хабарлады  Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, көлік министрі Марат Қарабаев Оңтүстік кореялық әріптестерімен кездесіп, тараптар Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға тікелей әуе рейстерін көбейту мәселесін тақылаған.

«Қазір екі ел арасында аптасына 14 жолаушы және 6 жүк рейсі бар. Рейстер Астана мен Алматыдан орындалады. Енді Шымкенттен Оңтүстік Кореяға тікелей әуе рейсін ашу жоспарланып отыр», - дейді министрлік өкілдері.

Ведомство мәліметінше, Корея тарабы елімізде автожол құрылысы жобаларын іске асыруға қызығушылық танытқан. Бұған қоса Марат Қарабаев Оңтүстік Корея делегациясын Қазақстанға жұмыс сапарымен келуге шақырды.

«Бұл сапар аясында Urban air mobility (UAM), яғни қалалық әуе ұтқырлығы тұжырымдамасын енгізу бойынша тәжірибе алмасу көзделіп отыр.

Қалалық әуе ұтқырлығы тұжырымдамасы дегеніміз – қауіпсіз әрі тиімді әуе көлігі жүйесін және басқа да авиациялық технологияларды қолдана отыра адамдардың, тауарлар мен өнімдердің ірі қалалар мен облыстар арасында, тіпті қаланың ішінде де қозғалысын трансформациялау», - делінген хабарламада.

Министрлік өкілдері тұжырымдама алдымен жаңа Alatau City қаласында сынақтан өтеді деп болжанып отырғанын атап өтті.