Елімізде жеке куәліктің дизайны өзгеруі мүмкін

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде жеке куәліктің дизайны өзгеруі мүмкін
Коллаж: Elordainfo.kz

Ішкі істер министрінің жеке куәлік үлгісін өзгерту бойынша бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.

Жеке куәліктің беткі жағында Қазақстан Республикасы азаматының фотобейнесі, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады.

Сыртқы жағында штрих-код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі, куәлік иесінің туған жері, ұлты және азаматтығы туралы дербес деректері, жеке куәлікті берген орган, берілген күні және қолданылу мерзімі туралы мәліметтер көрсетіледі, - делінген құжатта.

Айта кетейік, жоба 21 мамырға дейін қоғамдық талқылауда болады.