00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде телерадио арналарын тарату 14 сағатқа тоқтатылады

19 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде телерадио арналарын тарату 14 сағатқа тоқтатылады
Фото: дереккөзден

Елімізде телерадио арналарын тарату 14 сағатқа тоқтатылады, деп хабарлады Elorda.info.

2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін «Қазмедиа орталығының» хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып профилактикалық жұмыс жүргізетін болады.

Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-, радиоарналарды тарату тоқтайтыны туралы хабардар етеміз, - деді Мәдениет және ақпарат министрлігі.