00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде шырша кескендер 10 жылға сотталады

16 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде шырша кескендер 10 жылға сотталады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанда шыршаны шауып алған адам 10 жылға дейін сотталады, деп хабарлады Elorda.info КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары қазірден бастап шырша сатылатын базарларды ғана емес, ормандарды да назарда ұстамақ.

Елімізде жаңа жыл қарсаңында "Шырша" жедел шарасы басталды. Тәртіп сақшылары мен табиғат қорғаушылар арнайы топ құрып, жасыл желекке балта шапқандармен күреседі. Тіпті ну орманы бар шалғай елдімекендерге дейін барып рейд ұйымдастырады. Қылқан жапырақты ағашты аяусыз отап пайда табатын қылмыстық топтарды мереке алдында саудасы қызатын базарлардан іздейді. Құжатсыз шырша сатқандарға жаза — қатаң. Кесілген шырша үшін тіпті ұзақ мерзімге сотталуы да мүмкін.

Келтірілген шығын 100 АЕК асқан жағдайда қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Қылмыстық заңнамамен іс-әрекеттің ауырлығына байланысты 160 АЕК көлемінде, не одан жоғары айыппұл немесе 10 жылға бас бостандығынан айырылады,– деді СҚО ПД табиғат қорғау полициясы тобының инспекторы Еркем Ғалиулина.