Елімізде сейсмикалық оқу-жаттығулар өтеді
11 қыркүйекте елімізде «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында сейсмикалық жаттығулар өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Оның негізгі мақсаты – халықты жер сілкінісіне дайындау, оларға жалпы қауіпсіздік мәдениетін үйрету, сондай-ақ азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерге әзірлік деңгейін арттыру.
Тұрғындарды белсенді қатысуға шақырамыз. Сейсмикалық жаттығулар барысында тұрғындар жойқын жер сілкінісі кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелерімен танысып, қауіпсіз орындарды анықтау, зардап шеккен халықтың қабылдау пункттеріне жиналуы сияқты кейбір іс-әрекеттерді іс жүзінде пысықтайтын болады.
«Баршаның назарына!» сигналын естіген кезде сабыр сақтаңыздар, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Тұрғындар мүмкіндігінше ғимараттан шығуы қажет. Ал ғимараттан шығу мүмкіндігі болмаған жағдайда қауіпсіз жерді паналағаны дұрыс.
Сейсмикалық қауіпті өңірлерде жаттығулар сағат 10:00-ден 11:00-ге дейінгі аралықта өтеді.