Елімізде бірнеше жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында - 1 учаске:
Екатеринбург – Алматы тасжолы, 1292-1353 км, Жібек жолы ААП- Қарағанды обл.шек дейін - 61 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.
Жетісу облысында - 1 учаске:
Үшарал – Достық тасжолы, 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. дейін – 100 км.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады
Қарағанды облысында – 6 учаске
«Екатеринбург-Алматы» 1505-1854 км, Новостройка а. - Балқаш қ. дейін - 349 км.
«Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара»231-324 км, Павлодар обл.шек-Ботақара к. дейін - 93 км.
«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-217 км, Қарағанды қ. - Қарқаралы қ. аралығында - 200 км.
«Қызылорда-Павлодар» 970-1135 км, Қарағанды қ. - Павлодар обл.шек. дейін - 165 км.
«Қызылорда-Павлодар» 788-906 км, Ұлытау обл.шек.-Топар к. дейін – 118 км. Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.
«Екатеринбург-Алматы» 1353-1426 км, Ақмола обл.шек-Теміртау ААП - 73 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.
Павлодар облысында - 2 учаске
«Қызылорда-Павлодар» 1135-1206 км, Қарағанды обл.шек.-Шідерті кенті - 71 км.
«Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 137-231 км, Баянауыл а.-Қарағанды обл.шек - 94 км.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.