Елімізде қанша мерзімді басылым тіркелген?
1991 жылмен салыстырғанда БАҚ саны 350 есеге өсті. Осыдан 33 жыл бұрын Қазақстанда тек 10 республикалық мемлекеттік газет пен журнал шығарылса, қазір олардың саны 3 985-ке жетті. Басылымдардың әрқайсысының қағаз ғана емес сандық нұсқасы да бар, деп хабарлады Elorda.info.
Министрлік баспа журналистикасын қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылдауда. Мәселен, «Қазпошта» АҚ-мен баспа басылымдары саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында газеттерді қолдау бойынша бірлескен бірнеше шаралар бар.
2023 жылдың мамыр айынан бастап Post.kz мобильді қосымшасы іске қосылды, онда қазақстандықтар отандық және шетелдік басылымдарға жазылуды рәсімдей алады.
Сонымен қатар министрлік Kaspi Bank-пен бірлесіп қосымша арқылы газеттер мен журналдарға онлайн жазылу kaspi.kz бойынша жұмыс ұйымдастырды.
Биыл газетке 360 612 жеке тұлға және 7 687 заңды тұлға жазылған.
Республиканың өңірлері мен ірі қалаларында баспа БАҚ тарату бойынша 400 газет дүңгіршегі, супермаркеттер және ірі дүкендердегі жеке сауда нүктелері, «Қазпошта» АҚ-ның 2 645 қалалық және аудандық пошта байланысы бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады.