00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елімізде 42 жаңа су қоймасы салынады

25 желтоқсан, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы Зарина Сәрсенбайқызы
Елімізде 42 жаңа су қоймасы салынады
фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Болашақта тасқын суды жинауды және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін көлемі 2,6 млрд м3 болатын 42 жаңа су қоймасын салу, жалпы жобалық көлемі 3,7 млрд м3 болатын 37 су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ шамамен 14,5 мың км болатын ирригациялық каналдарды салу және реконструкциялау жоспарлануда. Бұл іс-шаралар Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген»,- деп жазылған хабарламада.

Су тасқыны жағдайы тек жағымсыз салдар әкелген жоқ, сонымен қатар қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы салаларының қажеттіліктері үшін пайдаланылатын су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жинақтауға мүмкіндік берді.

Мысалы, егер өткен жылы су қоймаларынан жалпы су жіберу бүкіл су тасқыны кезеңінде шамамен 13 млрд м3 құраса, биыл бір айда су қоймаларынан жалпы су жіберу 36 млрд м3 астам көлемді құрады.