Елімізде 2 мыңнан астам жеке сот орындаушы бар

Бүгін, 11:36
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде 2 мыңнан астам жеке сот орындаушы бар
фото: freepik.com

Бүгін Мәжілісте «Қазақстандағы жеке сот орындаушылары институтының проблемалары мен даму перспективалары» тақырыбында Үкімет сағаты өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың мәліметінше, елімізде жеке сот орындаушылардың саны 2 101 адамды құрады, ал олардың еңбекақысы өндірілген соманың пайызынан құралады.

«2010 жылы бір сот орындаушы  жылына орта есеппен 270 құжатты толық көлемде орындаса, 2024 жылы, ақпараттық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейту арқасында, бір жеке сот орындаушысы 1 229 құжатты толық көлемде немесе 5 есе көп орындаған. Сондай-ақ баламалы орындауды енгізудің артықшылығы мемлекеттің атқарушылық жүйені қаржыландыруға жұмсалатын шығыстарын мемлекеттік сот орындаушылар штатын оңтайландыру жолымен  төмендетуі болды. Бүгінгі таңда жеке сот орындаушылардың саны 2 101 адам, ал олардың еңбекақысы өндірілген соманың пайызынан құралады»,- деді министр.