Елімізде 11,4 млн тонна мал азығы дайындалды


Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025–2026 жылғы қысқы кезеңге дайындық аясында мал азығын дайындау науқанының барысына мониторинг жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Министрлік мәліметінше, биыл мал азығы дақылдарының егіс алқабы 3,3 млн гектарға жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 128 мың гектар артық (3,2 млн га).
Жалпы қысқы маусымға 24,5 млн тонна шөп, 1,7 млн тонна сүрлем-шөп (сенаж), 4,6 млн тонна сабан, 5,6 млн тонна құрама жем және 2 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған.
Осы жылдың 18 шілдесіндегі жедел деректерге сәйкес, өңірлерде 11,4 млн тонна мал азығы дайындалған. Оның ішінде 10,6 млн тонна шөп (жоспардың 43,4%-ы) және 740 мың тонна сенаж (43,5%) әзірленген.
Айта кетейік, Жамбыл облысында жылына 120 мың тонна өнім өндіретін мал азығы ұны зауыты іске қосылады.