Елде халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер салынады

Бүгін, 13:35
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views48
Елде халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер салынады
Фото: Freepik.com

Алдағы уақытта еліміздің 11 өңірі мен қаласында халықаралық деңгейдегі 24 жаңа қонақ үй салу жоспарланып отыр. Бұл жобалар жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады, деп хабарлады Elordainfo.kz Kazakh Tourism баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық қонақ үй желілері Қазақстанның өңірлеріне қызығушылық танытып отыр. Оның ішінде туристік және іскерлік бағыттар да бар.

«Біз туристік инфрақұрылымның сапасын арттырып, өңірлердің туристік тартымдылығын күшейту мақсатында халықаралық қонақ үй желілерімен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазақстанда сапалы орналастыру орындарына деген сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Бұл іскерлік белсенділік пен туристер санының көбеюіне байланысты. Халықаралық қонақ үй брендтерінің болуы сервис стандарттарын арттырып қана қоймай, нарықтағы бәсекелестікті де ынталандырады», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының м.а. Даниел Сержанұлы.