00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Экс-министрі Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

19 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Экс-министрі Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды
Оңалхан Өнерхан

Бұрынғы мәдениет министрі А. Мұхамедиұлына тиесілі су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Elorda.info Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қайтарылды.

«17.07.2024 жылы Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

Cотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендету көрініс тапқан заң бұзушылықтар расталды.

Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың м2, сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектептің мүлкіне, А. Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі «Nomad's Land» ЖШС иелік еткен.