Бұзақылық жасаған әзілкеш 15 тәулікке қамалды
24 мамыр, 2024
Торғын Аман
Фото: freepik.com
Ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде әдепсіз сөздер айтқан әзілкеш әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Elorda.info.
Жоғарғы Соттың хабарлауынша, оған ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылған.
Айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзды. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.
Сот айыпталушыны 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді