00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жарты жылда өндіріс орынында 69 адам көз жұмған

25 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жарты жылда өндіріс орынында 69 адам көз жұмған
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтынан

Өндірістегі жазатайым оқиғалардың есебі жарияланды деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

 

Осы жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардан 640 жұмыскер зардап шегіп, оның 69-ы қаза тапты. Бұл ретте биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2022 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда  4%-ға төмендеді, деп  жазылған хабарламада.

Республиканың өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталып тұр. Мәселен, Қарағанды облысында - 79 адам, ШҚО-да – 53 адам, Абай облысында – 50 адам, Павлодар облысында – 46 адам, Қостанай облысында – 44 адам, Ақтөбе облысында – 40 адам зардап шеккен. Сондай-ақ, Алматы қаласында 50 адам зардап шекті.

Министрлік жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері мәлімдеді. Олар –  жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (33,3%); өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (27,1%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (9,3%); жол қозғалысы ережелерін бұзу (8,4%).