00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады
Оңалхан Оңерхан

«Қазгидромет» РМК бүгінгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

 

16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Атырау облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. 

Түркістан облысының солтүстік, батыс, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады. Ал оның екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.  Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.