00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Білім күнінде 12 мыңнан астам полицей мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етті

2 қыркүйек, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Білім күнінде 12 мыңнан астам полицей мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етті
Фото: дереккөз

Еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды. Маңызды күнге орай Ішкі істер министрлігі қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп хабарлады Elordainfo.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әр оқу орнына екі полиция қызметкері және департаменттер мен бөлімдер басшылығынан жауапты адамдар бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болды.

Бұл күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлығы 12 мыңнан астам полиция қызметкері мен 2,5 мыңнан астам қызметтік автокөлік жұмылдырылды. Оқушылар үшін арнайы 8 мыңнан астам дәріс ұйымдастырылды. Онда қауіпсіздік шаралары мен жол жүрісі қағидаларын сақтаудың маңызы туралы айтылды.

Сондай-ақ іс-шараларға 40 мыңнан астам оқушыны қамтитын қозғалыстың жас инспекторлары отрядтары қатысты. Олар құрдастарының арасында жол ережесін сақтауды белсенді түрде насихаттады.

ІІМ бірінші сынып оқушыларын да назардан тыс қалдырмады. Оларға профилактикалық сипаттағы 360 мыңнан астам арнайы брошюра-бояғыштар таратылды. Бұл балаларға жолдардағы қауіпсіздік пен дұрыс мінез-құлықтың маңыздылығын түсінуге көмектеседі.

Білім күні қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол берілмеді.