Бүгінгі ауа райы болжамы: Найзағай ойнап, жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМҚ бүгінгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жаңбыр мен қар аралас түрінде жауын-шашын болады деп күтіледі. Республикамыздың оңтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында екпінді жел тұрады, ал батыс, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс, орталық өңірлерде тұман түседі деп болжанады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде және Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында өрт қаупі жоғары болады.Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді деп болжанады, - деп жазылған «Қазгидромет» РМҚ хабарламасында.