00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Бүгін жел күшейіп, тұман түседі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүгін жел күшейіп, тұман түседі
фото: Оңалхан Өнерхан

Синоптиктер Қазақстанда 18 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

 

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде к.н негізінен ашық, жауын-шашынсыз болады.

Болжам бойынша республиканың тек солтүстік-батысында, түнде оңтүстік-батысында және күндіз оңтүстігінде фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, Ақтөбе облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, жылмысқы қар) болуы мүмкін. 

Республика бойынша синоптиктердің болжауынша, түнде және таңертең жел күшейіп, тұман түседі.

Орталықта, Жетісу облысының таулы аймақтарында – 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +16+18°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +18+20°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +19+21°С.