00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Бүгін ауа райы қандай болады?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қазгидромет» синоптиктері бүгінгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

 

Еліміздің басым бөлігінде  тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық аймақтарда көктайғақ болады. 

Атырау облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады.

Астанада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады.

Синоптиктер Қостанай облысында  көктайғақ болып, тұман түседі деп болжам жасап отыр.  

Павлодар облысында батыстан жел соғады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр мен тұман  күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.