00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазіргі кезде еңбек нарығында сұранысқа ие топ 10 бағыт

9 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазіргі кезде еңбек нарығында сұранысқа ие топ 10 бағыт
коллаж Elorda.info

Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті ең сұранысқа ие бағыттардың рейтингін жасады, деп хабарлады Elorda.info.

 

Министрлік мәліметінше, биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарланып отыр. Оның ішінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың студент.

Қазіргі уақытта еңбек нарығында келесі бағыттар сұранысқа ие:

• ақпараттық технологиялар;

• құрылыс және коммуналдық шаруашылық;

• геология;

• тау-кен өнеркәсібі;

• энергетика;

• металлургия және машина жасау;

• көлік;

• байланыс;

• педагогика;

• медицина және т.б.

Еліміздің колледждерінде барлығы 517 мың студент оқиды, оның ішінде 312 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға артады. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің стипендиясы 50% - ға көбейеді. 

Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын студенттер әлеуметтік қолдаумен қамтылады. Ол стипендия, тамақ және жолақысы.