00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанның кей өңірлерінде құрғақшылық болады

6 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанның кей өңірлерінде құрғақшылық болады
Фото: ашық дереккөз

«Казгидромет» маусымда еліміздің бірқатар аймақтарында құрғақшылық болатынын хабарлады Elorda.info.

«Казгидромет» РМК-ның болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты болмақ. Сонымен қатар еліміздің солтүстік-батыс, оңтүстік, солтүстік және орталығында құрғақшылық күтіледі.  

Болжам бойынша, құрғақшылық Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, сонымен қатар, Қарағанды облысының Шет ауданында болмақ.