Қазақстаннан Германияға жаңа бағыт ашылады
Фото: Freepik.com
«Air Astana» Германияға жаңа бағыт ашады, деп хабарлады Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Осылайша 2025 жылдың 1 маусымынан бастап қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Алматы-Франкфурт бағыты бойынша аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі) жиілікпен жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта әуе компаниясы Франкфуртқа Астана мен Оралдан ұшады. Алматыдан әуе рейстерінің ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Туристерге ыңғайлы болу үшін рейстер А321LR типті ұшақтарда орындалады.
Ұқсас жаңалықтар
24 қазан, 2025
ХҚКО мереке және демалыс күндері қалай жұмыс істейді
24 қазан, 2025
«Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз»: алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты
24 қазан, 2025
«Хабар» агенттігі 30 жылдық мерейтойын атап өтті
23 қазан, 2025
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету жөнінде жаңа кеңсе құрылады
