Қазақстаннан қай елдерге тікелей ұшып баруға болады

Қазақстаннан қай елдерге тікелей ұшып баруға болады
Pixabay.com

Қазақстаннан Вьетнам мен Қытайға қатынайтын әуе рейстерінің саны артқан.
Биыл Қазақстан мен шетел арасында көптеген жаңа рейстер ашылып жатыр. Туристік маусым кезінде рейстер саны да арта түседі. Шетелдік әуе компаниялары да Қазақстан қалаларына ұшуға мүдделі болып отыр.

Air Astana


2025 жылы Air Astana компаниясы Қытай, Вьетнам, Үндістан, Германия, Грузия және Қырғызстан елдеріне жаңа әуе рейстерін ашты.
Алматы – Гуанчжоу (Қытай)

басталуы: 30 наурыз;
жиілігі: Алматыдан сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндері, Гуанчжоудан сәрсенбі, жұма, дүйсенбі күндері;
жол ұзақтығы: Алматыдан – 5 сағат 55 минут, Гуанчжоудан – 6 сағат 35 минут;
билет бағасы: барып-келу 281 385 теңгеден басталады.

Алматы – Нячанг (Вьетнам)

басталуы: 30 наурыз;
жиілігі: Алматыдан сейсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері ұшып, Гуанчжоудан келесі күні қайтады;
жол ұзақтығы: 8 сағат;
билет бағасы: барып-келу 371 175 теңгеден басталады.

Қазақстан азаматтары Вьетнамда визасыз 30 күнге дейін бола алады.
Астана – Нячанг (Вьетнам)

басталуы: 31 наурыз;
жиілігі: Алматыдан дүйсенбі, бейсенбі, сенбі күндері, Гуанчжоудан сейсенбі, жұма, жексенбі күндері;
жол ұзақтығы: Алматыдан – 8 сағат 40 минут;
билет бағасы: барып-келу 423 652 теңгеден басталады.

Қазақстан азаматтары Вьетнамда визасыз 30 күнге дейін бола алады.

Алматы – Мумбай (Үндістан)

басталуы: 20 сәуір;
жиілігі: жексенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері аптасына үш рет;
жол ұзақтығы: 4 сағат 50 минут;
билет бағасы: бір бағытқа 122 мың теңгеден басталады.

Қазақстан азаматтары Үндістанға бару үшін электронды виза алуы қажет.
Астана – Да Нанг (Вьетнам)

басталуы: 14 мамыр;
жиілігі: Астанадан сәрсенбі, жексенбі күндері, Да Нангтан бейсенбі, дүйсенбі күндері;
жол ұзақтығы: 7 сағат 30 минут;
билет бағасы: бір бағытқа 171 мың теңгеден басталады.

Қазақстан азаматтары Вьетнамда визасыз 30 күнге дейін бола алады.
Атырау – Тбилиси (Грузия)

басталуы: 27 мамыр;
жиілігі: сейсенбі, жұма, жексенбі күндері аптасына үш рет;
жол ұзақтығы: 1 сағат 50 минут;
билет бағасы: барып-келу 113 375 теңгеден басталады.

Қазақстан азаматтары Грузияда бір жыл визасыз жүре алады.
Алматы – Ош (Қырғызстан)

басталуы: 28 мамыр;
жиілігі: сейсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері аптасына төрт рет;
жол ұзақтығы: 1 сағат 25 минут;
билет бағасы: бір бағытқа 33 551 теңгеден басталады.

Қазақстан азаматтары Қырғызстанға визасыз 90 күнге дейін саяхаттай алады.
Атырау – Баку

басталуы: 31 мамыр;
жиілігі: дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері аптасына үш рет;
жол ұзақтығы: 1 сағат 25 минут;
билет бағасы: барып-келу 96 527 теңгеден басталады.

Алматы – Франкфурт (Германия)

басталуы: 1 маусым;
жиілігі: сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндері аптасына үш рет;
жол ұзақтығы: 5 сағат 25 минут;
билет бағасы: барып-келу 288 мың теңгеден басталады.

Германияға саяхаттайтын Қазақстан азаматтарына Шенген визасы қажет.
Алматы – Да Нанг (Вьетнам)

басталуы: 4 маусым;
жиілігі: сәрсенбі, сенбі күндері аптасына екі рет;
жол ұзақтығы: 7 сағат 10 минут;
билет бағасы: барып-келу 360 мың теңгеден басталады.

Қазақстан азаматтары Вьетнамда визасыз 30 күнге дейін бола алады. 

Оқи отырыңыз: Қазақстан 2025 жылға дейін Нью-Йорк, Шанхай, Сингапур және Токиоға жаңа әуе рейстерін ашады

 

SCAT Airlines

SCAT әуе компаниясы мамыр айында Шымкенттен Еуропа қалалары Мюнхен мен Будапештке, Қытайдың Сиань және Шанхай қалаларына, Сеулге және Каирге тікелей рейстер іске қосады.
Шымкент – Мюнхен (Германия)

басталуы: 27 мамыр;
жиілігі: сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері аптасына үш рет;
жол ұзақтығы: 6 сағат 30 минут;
билет бағасы: бір бағытқа 92 317 теңгеден басталады.

Германияға саяхаттайтын Қазақстан азаматтарына Шенген визасы қажет.
Шымкент – Будапешт (Венгрия)

басталуы: 27 мамыр;
жиілігі: сейсенбі, сенбі күндері аптасына екі рет;
жол ұзақтығы: 5 сағат 30 минут;
билет бағасы: бір бағытқа 92 317 теңгеден басталады:

Қазақстан азаматтарына Венгрияға бару үшін Шенген визасы қажет.
Шымкент – Сиань (Қытай)

басталуы: 28 мамыр;
жиілігі: Шымкенттен Сианьға – сәрсенбі және сенбі күндері, Сианьнан Шымкентке – бейсенбі және жексенбі;
жол ұзақтығы: 4 сағат 30 минут;
билет бағасы: бір бағытқа 92 317 теңгеден басталады.

Қазақстан азаматтары Қытайға 30 күн визасыз сахаттай алады.
Шымкент – Шанхай (Қытай)

басталуы: 29 мамыр;
жиілігі: дүйсенбі және бейсенбі күндері аптасына екі рет;
жол ұзақтығы: 6 сағат;
билет бағасы: бір бағытқа 92 317 теңгеден басталады.

Қазақстан азаматтары Қытайға 30 күн визасыз сахаттай алады.
Шымкент – Сеул (Оңтүстік Корея)

басталуы: 29 мамыр;
жиілігі: Шымкенттен Сеулге дүйсенбі, бейсенбі күндер, ал Сеулден Шымкентке сейсенбі, жұма күндері ұшады;
жол ұзақтығы: 6 сағат 15 минут;
билет бағасы: бір бағытқа 102 760 теңгеден басталады.

Оңтүстік Кореяға сапар шегетін Қазақстан азаматтарына виза қажет емес. Алайда Корея Республикасына кіруге К-ЕТА – электронды рұқсат алуыңыз қажет.
Шымкент – Каир (Мысыр)

басталуы: 29 мамыр;
жиілігі: дүйсенбі, сәрсенбі күндері аптасына екі рет;
жол ұзақтығы: 5 сағат 20 минут;
билет бағасы: бір бағытқа 103 799 теңгеден басталады.

Визаны әуежайға жеткенде алуға болады. Құны – 25 доллар.

Оқи отырыңыз: Жолаушылар әуе рейсінің кешігуінен қалай сақтандырылады

 

Fly Arystan


Fly Arystan Үрімші, Құлжа және Ыстамбұлға жаңа әуе рейстерін орындайды.
Астана – Үрімші (Қытай)

басталуы: 13 сәуір;
жиілігі: Астанадан Үрімшіге – жексенбі, бейсенбі, ал Үрімшіден Астанаға дүйсенбі, жұма күндері аптасына екі рет;
жол ұзақтығы: 2 сағат 25 минут;
билет бағасы: бір бағытқа 34 284 теңгеден басталады.

Қазақстан азаматтары Қытайға 30 күн визасыз сахаттай алады.
Алматы – Инин (Құлжа, Қытай)

басталуы: 18 мамыр;
жиілігі: аптасына екі рет бейсенбі және жексенбі күндері; 
жол ұзақтығы: 50 минут;
билет бағасы: бір бағытқа 15 теңгеден басталады (20 келі жолжүк кіреді). 

Қытайға виза қажет емес.
Қарағанды – Ыстамбұл (Түркия)

басталуы: 4 маусым;
жиілігі: аптасына екі рет сәрсенбі және жұма күндері;
жол ұзақтығы: 5 сағат 10 минут;
билет бағасы: бір бағытқа 41 102 теңгеден басталады). 

Қазақстан азаматтары Түркияда 90 күн визасыз жүре алады.