Қазақстандық жиһанкез Қазақстан мен Балиді салыстырды


Балиге қарағанда Қазақстанда өмір сүру өте қымбат. Мұндай пікірді қазақстандық жиһанкез Мирас Болатов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, Балидегі жергілікті халық 100 мың теңгеге өмір сүреді.
«Туристің ең көп шығыны ұшақтың билетін сатып алуға жұмсалады. Ал Қазақстанда 300 мың теңге табыс тапса да, базалық шығындарды өтеу қиынға соғады. Мәселен, бұл ақшаға Балиде баспана жалдауға, жақсы тамақтануға, жеке көлікпен жүруге болады. Сондай-ақ саяхаттау да – қолжетімді. Көбінесе ең көп шығын билетке кетеді. Ай сайынғы баспана 120 мың теңге, көлік – 50 мың теңге, ал күннің батуы, пальмалар, жағажайлар – тегін. Мұнда көңілсіз жүрген адамды табу – қиын. Ал туристер жергілікті мәдениетке құрметпен қарайды. Оған ел тұрғындары мәз. Айтпақшы, Бали – Индонезиядағы индуизм дамыған жалғыз аймақ. Адамдар кармаға сенеді. Олар үшін бастысы – ішкі жан дүниенің тыныштығы мен тепе-теңдігі және баланс. Бәлкім, сондықтан олар 100 мың теңге тапқанға күліп жүреді. Жалпы саяхат қолжетімді, ал жұмсалған әр теңге өз жемісін береді. Ал Қазақстандағы өмір әлемдегі ең танымал орындардың біріне қарағанда қымбат», - деді Мирас Болатов.



