00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады

26 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады
Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 27-29 сәуір аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Алдағы тәуліктерде батыста, солтүстік-батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, одан кейін шығысқа ауысуымен республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамынша, елде жел күшейіп, батыста және оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғады.

Ауа температурасы күндіз батыс облыстарда 23-33, оңтүстікте 27-35, оңтүстік-шығыста 23-30 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.

Республиканың қалған аумағында 27-28 сәуірде ағымдағы температуралық фон сақталады, бірақ 29 сәуірде түнде қайтадан 2-10 градусқа дейін, күндіз 10-18 градусқа дейін төмендейді, - деп хабарлады Қазгидромет.