Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» синоптиктері 9-11 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Алдағы күндері республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасын соғып, қар жауады. Ал батыста жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады.
Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан аумағына Атлант және Арктикалық тектес ауа массалары бірін-бірі алмастыра отырып енеді.
Соған байланысты ауа температурасының ауытқуы күтілуде:
- елдің солтүстік жартысы: ауа температурасы -15°С-тан -25°C-қа дейін, түнде -10-18°C-қа дейін ауытқиды;
- оңтүстік бөлігі: температура -10-нан -15°С-қа дейін өзгереді;
- Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында ауа температурасы -20°С-тан -25°С-қа дейін ауытқиды, түнде -5-13°С-қа дейін, таулы аймақтарда -16°С-тан -21°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.
Еліміздің батыс аймағында ғана ауа температурасында күрт өзгерістер күтілмейді.
Сондай-ақ ел аумағы бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп болжанып отыр.