Қазақстан әуе компаниясы Пәкістан мен Үндістан қақтығысына байланысты Үндістанға рейстерін тоқтатты

8 мамыр, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстан әуе компаниясы Пәкістан мен Үндістан қақтығысына байланысты Үндістанға рейстерін тоқтатты
Фото: freepik

Air Astana әуе компаниясы Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығысқа байланысты Алматыдан Дели мен Мумбайға рейстердің тоқтатылатынын мәлімдеді, Elordainfo.kz тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы 8 мамырдағы Алматы – Дели – Алматы бағыты бойынша KC 907/908 рейстерін және Алматы – Мумбай – Алматы бағыты бойынша KC 291/292 рейстерін тоқтатуға мәжбүр екенін хабарлады.

Орындалмайтын рейстердің жолаушыларына билеттердің толық құны қайтарылады.

Қазіргі уақытта әуе компаниясы Қазақстан Республикасының азаматтарын және Air Astana әуе компаниясының басқа да жолаушыларын балама бағыттар арқылы Отанына қайтару үшін репатриациялық рейстер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

«Біз жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отырмыз және жолаушыларды кез келген өзгерістер туралы жедел хабардар ететін боламыз» - делінген әуе компаниясының хабарламасында.