Қазақстан мен Ресей «Бәйтерек» жобасын іске асыру барысын талқылады
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков жұмыс сапарымен «Прогресс» Зымыран-ғарыш орталығына барды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Юрий Борисов бірлескен «Бәйтерек» жобасы аясында «Союз-5» зымыран тасығыштары шығарылатын өндірістік алаңдарды аралады. «Прогресс» ЗҒО бас директоры Дмитрий Баранов болашағы зор зымыран-ғарыш техникасын өндіру бойынша ағымдағы жұмыстар жайлы баяндап берді.
Сапар барысында тараптар қазақстандық серіктестер мен Роскосмос кәсіпорындарының басшылары қатысқан кеңесте бірлескен жобаны іске асыру барысын талқылады.