Қазақстанға Қытайдың әскери делегациясы келді

18 қазан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
views444
Қазақстанға Қытайдың әскери делегациясы келді
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Қытай Халық-азаттық армиясы «Батыс» Біріккен қолбасшылығының әскери қызметшілері Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Шетелдік қонақтар Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығымен кездесіп, жоғары оқу орнының инфрақұрылымымен, материалдық-техникалық базасымен және оқу бағдарламаларымен танысты.

Сапар аясында ҚР ҚК Құрлық әскерлері қолбасшылығының өкілдерімен кездесулер өтті.

ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында қытайлық әріптестер ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін елдің әскери тарихынан сыр шертетін сирек кездесетін жәдігерлер, құжаттар мен фотосуреттер қойылған Мемлекеттік әскери-тарихи музейге барды.

Кездесу соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша әскери ынтымақтастықты дамыту ниеттерін растады.