Ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді
Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 17-22 м/с.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 20-21 қаңтарда облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 20-22 қаңтарда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 21-22 қаңтарда екпіні 23 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, шығысында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Павлодар облысында оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Түркістан облысының тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.