Ауа райы: Астана мен 12 облыста дауылды ескерту жарияланды
Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ылғалды қар, тұман, түнде үсік жүреді деп күтіледі, деп хабарлады Elorda.info
«Қазгидромет» РМК жексенбі күнігі ауа-райына қатысты Астана мен еліміздің 12 облысында дауылды ескерту жарияланды,
Елордаада 24-,нен 25-іне қараған түнде 2 градус аяз күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен батысында солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с. жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с деп күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 1 градус аяз болады. Петропавлда күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігі мен батысында топырақ бетінде 2 градус аяз болады
Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус аяз күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз таулы аймақтарда жауынның арты қарға ұласады. Солтүстік-батыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Түнде облыстың шығысында 3 градус аяз болжануда.
Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан батыстан, облыстың оңтүстігінен 15-20 м/с жел соғады.
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында 1 градус аяз күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өңірде түнде тұман күтіледі, топырақ бетінде 1 градус аяз болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде де түнде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында солтүстіктен, күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Алдағы үш күнде яғни, 24-26 қыркүйекте орталықта, шығыста және оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады.
24-26 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, 25-26 қыркүйекте екпіні
Жетісу облысының таулы аймақтарында түнге қарай кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, көктайғақ) болады. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Облыстың шөлейт аймақтарында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.