00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр

Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр
Фото: автордан

Бүгін ат спортынан елорда төрінде дәстүрлі қалалық жарыс басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана күніне орай Олимпиада бағдарламасына кіретін конкур бәсекесінен бүгін  турнир жеңімпаздары анықталады.

Ата-бабамыз найзаның ұшымен, қылыштың күшімен елімізді қорғап, бізге керемет жер қалдырып кетті. Міне енді Сарыарқа төрінде астанамыз жыл өткен сайын құлпырып, әлемдік мегаполистің біріне айналды. Оған еліміздегі әр тұрғынның өзіндік үлесі бар. Астана күнімен қатар, ұлттық домбыра күні де аталып өтіп жатыр. Домбыраның қандай қасиеті болса, аттың да сондай қасиеті бар. Сондықтан бүгінгі ат сайысына қош келдіңіздер! Аталмыш додаға Алматы, Астана, Шымкент қаласы, Алматы облысы, Қарағанды облысынан 76 шабандоз  сынға түседі. Ат дегенде ішкен асын жерге қоятын, салт-дәстүрімен біте қайнасқан ұлттық спортымыз дами берсін! -  деді Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті Ерлан Каналимов.

 

Осы жылғы доданың басты ерекшелігі ұлттық құрамаға кіретін спортшылар да жалпы жүлде қоры 12 млн теңгені құрайтын сыйақыға таласады.

 

Астана күніне орай ұйымдастырылып жатқан жарысқа екінші рет қатысып жатырмын. Бүгін жасөспірімдер санаты бойынша биіктігі 110 сантиметрді құрайтын кедергілерді бағындыруға тырысамын. Былтыр жүлдеге бір қадам жетпей, 4-орынға тұрақтаған едім. Биыл «Жеңіс» атты тұлпарымен жеңіс тұғырынан көрінуге бар күшімді саламын, -  деп 15 жастағы Нұрлы Медетхан жарыс алдындағы ойымен бөлісті.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шабандоздар алдағы уақытта Алматы қаласында өтетін Қазақстан чемпионаты мен Ташкент пен Бішкектегі Әлем кубогының кезеңдерінде өнер көрсетеді.