00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада иесіз ғимараттан табылған қыздың ажалы неден болғаны анықталды

8 қазан, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астанада иесіз ғимараттан табылған қыздың ажалы неден болғаны анықталды
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада иесіз ғимараттан өлі денесі табылған 14 жастағы оқушы қыздың ажалы неден болғаны анықталды. Осыдан бір ай бұрын болған қайғылы жағдай бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысын полиция жария етті. Бұл туралы Elordainfo.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Қаңырап иесіз тұрған бұрынғы балабақша ғимаратынан 14 жастағы қыздың денесін сол маңда ойнап жүрген балалар тапқан. Дәл сол жерде жалпы білім беретін мектеп те бар. Бірақ оқушы қыз онда емес, басқа мектепте оқыпты. Марқұм Аурелияның ата-анасы сабақтан кейін серуендеуге шыққан қыздарының неге ескі ғимаратқа барғанын түсінбейді. Бұған дейін де төрт рет өрт болып, тағы бір ер адам көз жұмған ескі ғимарат қаңғыбастар паналайтын жерге айналғалы үш жылдай болған. Қыздың жұмбақ өлімін әркім әрқалай айтып сан-саққа жүгірткен еді. Ал сот-медициналық сараптамасы оның газдан уланғанын анықтады.

«14 жастағы қыздың мәйітіне қатысты істің мән-жайын обьективті, жан-жақты зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлім газ қоспасымен уланудан болған. ҚР ҚК 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды», - деді Астана ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.