00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астана қалалық Ассамблеясы Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 желтоқсан, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астана қалалық Ассамблеясы Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Elorda.info.

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді шын жүректен Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Азаттық, тәуелсіздік, егемендік –  ата-бабаларымыздың аңсаған арманының орындалған сәті, Тәуелсіздіктің алтын ғасырына аяқ басқан мерейлі мезеті.

Дәуір мен уақыттың бізге берген үлкен сыйы, халқымыздың мәңгілік құндылығы саналатын Тәуелсіздігімізге биыл 33  жыл толып отыр.

Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілейміз!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!», - делінген құттықтауда.