Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді

Фото: polisia.kz
Полицейлер темекі өнімдерін сататын дүкендердің бірінен заңсыз темекі өнімдерін сату фактісін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 47 мың қорапқа жуық акцизсіз өнім тәркіленді.
Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 50 миллион 274 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері аталған өнімдерді сатумен айналысқан екі адамды анықтады.
«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы және осы іске қатысты басқа да тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:44
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету жөнінде жаңа кеңсе құрылады

Бүгін, 14:28
«Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу»: балабақшаларда пилоттық жоба бастау алды

Бүгін, 13:32
«2 метр 9 сантиметр: Еліміздегі ең бойшаң сарбаз әскери борышын қайда өтеп жүр

Бүгін, 12:43
«Republic Day» акциясы: қазақстандықтар мыңдаған тауарды жеңілдікпен сатып ала алады