00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматы облысында барымташы бас бостандығынан айырылды

12 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Алматы облысында барымташы бас бостандығынан айырылды
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысының Жамбыл аудандық соты жергілікті тұрғынның 30 бас жылқысын айдап әкеткен барымташыға қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Elorda.info.

Өткен жылдың қыркүйек айында жергілікті тұрғын жылқыларының жоғалғаны туралы полицияға арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған жылқылар Жамбыл облысының Меркі ауданында екені анықталған.

«Келіп түскен ақпарат бойынша бірқатар тексеру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында ұрланған жылқыларды сатып алушы анықталып, ол арқылы мал ұрлаған кісі белгілі болды. Барымташы малдарды бірнеше күн бақылап, түнде жануарларды жайылымнан көрші ауданға айдап әкетіп, алдын-ала дайындалған жерге жасырған. Осыдан кейін ол жүк тасымалдаушыларды жалдап, малды көрші Жамбыл облысына тасымалдаған», – деп атап өтті Жамбыл АПБ бастығының орынбасары Бейбіт Байзиханов.

Жалпы келтірілген шығын 12 миллион теңгеден асты. Мал ұрлығын жасаған азамат кінәлі деп танылып, 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды.