Алдағы күндері ауа райы қандай болады


Синоптиктер 8, 9 және 10 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады.
«Жаңбыр мен найзағай, тұман, желдің күшеюі күтіледі. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста – жаңбыр, ал шығыста түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады», – деп жазылған хабарламада.
Қазақстандағы ауа температурасының болжамы
Батыс өңірлерде: түнде температура +5…+13°C-тан +1…+9°C-қа дейін төмендейді,
күндіз +15…+25°C-тан +10…+20°C-қа дейін өзгереді.
Солтүстік пен орталықта: түнде 0…+8°C-тан +2…+12°C-қа дейін, күндіз +10…+20°C-тан +17…+25°C-қа дейін жоғарылайды.
Шығыс Қазақстанда: Түнде аздап салқындайды – -2…+7°C-тен -5…+5°C-қа дейін,
күндіз біртіндеп жылынып, +13…+21°C-тан +17…+25°C-қа дейін көтеріледі.
Оңтүстік өңірлерде:т үнде +10…+15°C, күндіз +20…+28°C-тан +23…+32°C-қа дейін көтеріледі.
Оңтүстік-шығыста, оның ішінде таулы аймақтарда: Түнде +5…+12°C, таулы жерлерде -3…+2°C-тан +3…+8°C-қа дейін, күндіз +15…+25°C-тан +12…+20°C-қа дейін ауытқиды.