00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алдағы күндерде еліміздің кей өңірінде жаңбыр мен қар жауады

26 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Алдағы күндерде еліміздің кей өңірінде жаңбыр мен қар жауады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Синоптиктер 26-28 қыркүйек аралығында елімізде ауа райын болжады. Қазақстанның кей жерлерінде қар мен жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуімен, республикамыздың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын, республикамыздың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі күтіледі. Түнде ауа температурасы -2...-7 градусқа дейін төмендейді.

Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, орталығында Солтүстік-батыс антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы еліміздің батысында +20...+27°С дейін, солтүстікте, орталықта +15...+23°С дейін, оңтүстікте +18...+25°С дейін, оңтүстік-шығыста +12...+20°С дейін баяулап көтеріле бастайды. Ал еліміздің шығысында ауа температура +3...+11°С шамасында болады.