00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алдағы екі-үш күнде 46 градус ыстық болады

5 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алдағы екі-үш күнде 46 градус ыстық болады
коллаж Elorda.info

Синоптиктер 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамында бірнеше өңірде аптап ыстық болатынын айтты, – деп хабарлады Elorda.info

 «Қазгидрометтің» мәліметінше, күндіз аптап ыстық 6-7 маусымда солтүстікте, 6 маусымда орталықта болуы мүмкін. Шығыста +41°С-қа дейін, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С-қа дейін, елдің оңтүстігінде +46°С дейін ысиды.

8 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райы +22+30°С-қа дейін төмендейді.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.

6 маусымда батыста, 7-8 маусымда солтүстік-батыста, 8 маусымда республиканың солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады деп болжанды. Алайда еліміздің басым бөлігінде ауа райы ыстық болады.