00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қайрат Сатыбалдының ісі: БАӘ-ден 14 миллион АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды

1 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қайрат Сатыбалдының ісі: БАӘ-ден 14 миллион АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды
коллаж Elorda.info

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру аясында елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлады Elorda.info агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Биыл мамыр айының соңына қарай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін Бас прокуратурамен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы сомасы 14 млн АҚШ долларын қайтарды, - делінген хабарламада.

Бұл қаражат мемлекет кірісіне айналдырылып, әлеуметтік мақсаттарда пайдаланылатын болады.

Қылмыстық қудалау басталғаннан бері мемлекетке заңсыз сатып алынған Қ. Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардың 464 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтері мен ақшалай қаражаттары қайтарылды.

Оларға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, қолма-қол ақша, акциялар мен компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді.

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.