Қаңтар айынан бастап мобильді ақша аударымдарына шектеу қойылады
1 қаңтар, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Енді қазақстандықтардың мобильді аударымдарына шектеу енгізіледі. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мобильді аударымдардың жалпы саны ғана емес, көлемі де есепке алынады. Аударымды бақылау бойынша өлшемшарт белгіленген.
Өлшемшарттың көлемі – 255 мың теңге. Яғни, бір айда 100 немесе одан көп мобильді аударым арқылы 255 мың теңге төлем жасалса, жасырын бизнеспен айналысады деген сөз.
Кәсіпкер ретінде тіркелмеген жағдайда 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Заң бұзушы бір жыл ішінде қайта ұсталса, айыппұл мөлшері 30 АЕК-ке дейін өседі.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Белгілі журналист әрі спорт комментаторы Ғалым Сүлеймен өмірден өтті
18 қыркүйек, 2026
«Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды
18 қыркүйек, 2026
Пияз, картоп, сәбіз: Елімізде бірқатар азық-түлік арзандады
16 қыркүйек, 2026
Shin-Line Group пен Кореяның Foodpolis институты Қазақстанда алғашқы азық-түлік кластерін құрады