Ақтөбелік келіншек он бірінші баласын дүниеге әкелді

7 наурыз, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақтөбелік келіншек он бірінші баласын дүниеге әкелді
Фото: Freepik

3 наурызда 39 жастағы Мнауре Мұктарова салмағы 3680 грамм, бойы 57 см болатын ұлды босанды, деп хабарлады Elordainfo.kz «Диапазон» сайтына сілтеме жасап.

Мамандығы мұғалім келіншектің үлкен ұлы –  17 жаста.

Облыстық перинаталдық орталық директоры Гүлшат Темірбаеваның айтуынша, келіншектің бүкіл баласы дәл осы перзентханада дүниеге келген.

«Сәбиге әлі есім қойылмады, бала мен анасының жағдайы жақсы. 11 баланың ішінде егіздер бар. Олар 2023 жылы дүниеге келген. Көпбалалы аналар біздің орталықта әдетте бесіншісін, немесе одан кейінгі балаларын босанады. Бірақ он бірінші баласын дүниеге әкелу бірінші рет болып отыр. Ана мен сәбиге денсаулық тілейміз», - деді Гүлшат Темірбаева.

Дәрігерлердің айтуынша, Ақтөбе облыстық перинаталдық орталықта жылына 2 үшем дүниеге келеді. Биыл алғашқы үшем 26 ақпанда туған. Ақтөбеліктің отбасында 5 бала болса, енді 8 бала. Орталықта жылына 8 мың бала дүниеге келеді.