00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан сәуірде Германияға 100 мың тонна мұнай жеткізеді

Қазақстан сәуірде Германияға 100 мың тонна мұнай жеткізеді
ашық дереккөз

Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай «ҚазТрансОйл» АҚ сәуір айында 100 мың тонна қазақстандық мұнайды «Дружба» мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жөнелтуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Elorda.info «ҚазТрансОйл» АҚ бласпасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың ақпан-наурыз айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 40 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнайды тасымалдады.

2022 жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын.

Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.