00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
ашық дереккөз

Ел аумағының батыс бөлігі төмен қысымның ықпалында болып, күн құбылмалы болады, деп хабарлады Elorda.info.

Фронталды бөліктердің өтуімен 29 наурызда солтүстікте, күндіз орталықта, 29-30 наурызда шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), 30 наурызда күндіз қалың қар жауып, жаяу бұрқасын болады. 29-30 наурыз күндері еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдап, жауын жауады, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Сонымен қатар республика бойынша тұман болып, жел күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста - көктайғақ күтіледі.

30 наурызда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.